16 сәуір күні аудандық орталық кітапханасында «Аққайың ауданыны кітапханаларының қызметі» атты кітапхана қызметкерлерінің семинары өтті.
Семинарды Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.Ө. Шәріпова ашты. Жиналғандарға заманауи кітіпханалардың мүмкіндіктері және шешіліп жатқан мәселелері, мемлекеттің мәдениет қызметкерлері ретінде кітапханашылар алдында қойған мәселелері туралы айтып өтті.
Кейін сөз кезегі кітапхана әдіскері К.Н. Кәлімбетоваға берілді. Әдіскер кітапханашылардың жылдық есептеріне толық талдау жасады. Әлеуметтік желіге ақпаратты орналастыру ерекшеліктері және кітапханалардың жарнамалық жұмысы туралы айтылып өтті.
Соңында әдіскер «Кітапхана: алға ұмтылыс» Солтүстік Қазақстан облысы кітапханаларының инновациялық жобалар байқауы бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.