Мамыр айының басында Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бір бірімен тату –тәтті бір халық болып өмір сүріп жатыр.
Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Аққайың аудандық кітапханасы Смирново гимназия мектебінде болды. Мектеп оқушыларымен бірге жергілікті этномәдени бірлестіктер өкілдерінің байқауы өткізілді, олар өздерінің ұлттық дәстүрлері, түрлі этностардың мәдениеті туралы әңгімеледі.
Бір шаңырақ астында бірге өткізген жылдарға, әркім өз үлесін қосып жатқан жақсы өткенге, бүгінге, төзімді болашаққа шүкіршілік етудің бүгінгі күні қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімеледі.
Баяндамашылар өз ұлтын халық тілінде, ұлттық киімдерімен көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды белсенді азаматтық-адамгершілік позициясын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Байқауға «Әртүрліліктегі бірлік» атты тақырыптық әдебиет көрмесі дайындалып, шолу жасалды. Балаларға Қазақстан Республикасында тұратын сол халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы көбірек білуге болатын кітаптар ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылардың барлығы әртүрлі ұлт өкілдері болғанымен, олардың барлығын бір Отан – Қазақстан біріктіретінін айтты.