27 мамыр 2021 жылы С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында. «Кітап. Балалар. Жастар: қызмет көрсетудің заманауи үлгілерін іздеу» атты балалармен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылына арналған дөңгелек үстел өтті.Семинарға қатысу үшін облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың директорлары, әдіскерлері, балалар кітапханаларының қызметкерлері және балалар оқуын ұйымдастырушылар шақырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Балалармен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Осыған байланысты, семинар барысында кітапхана мамандары балалармен жасөспірімдерді кітаппен оқуға тартудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізу, балалардың жазғы демалысын өткізуге арналған инновациялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін шешті. Сондай-ақ, «Бір ел — бір кітап» республикалықакциясы аясында жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Л.А. Литвинованың YouTube каналындағы жаңаформ аттағы кітапханалық өлкетануны саны ретінде «Тарих кезеңдері» тірі журналы туралы баяндамасы ұнады.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.С. Жахин кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Парасат жолы» бұрыштарымен орталықтарын ашқаны үшін «Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Алғыс хатпен марапаттады.
Ауылдық кітапханашылар В.И. Мұхамедиева, В.В. Пак «Көктемгі көңіл-күй» әдеби караокесіне қатысушыларды ұйымдастыруға және дайындауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталғаны өте қуанышты.