KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Біз біргеміз – біз жеңілмейіз!» кітап көрмесіндегі танымдық кездесу

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Смирнов балалар кітапханасында жас оқырмандар үшін «Біз біргеміз – біз жеңілмейіз! Когда мы едины – мы непобедимы!» атты кітап көрмесінің жанында танымдық кездесу өтті.

Іс-шара барысында балалар мерекенің тарихымен танысып, елімізде тұратын түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы білді. Көрмеде ұсынылған ұлттық киімдер мен әр халықтың ертегілері ерекше қызығушылық тудырды.

Шараның көркем бөлігін балалардың бірлік, достық пен бейбітшілік тақырыбында салған суреттері толықтырды. Кітаптар мен шығармашылық арқылы балалар тағы бір рет түсінді: айырмашылықтарымызға қарамастан, бізді жақындастыратын ортақ құндылықтар бар.

 

30.04.2026
Қараулар: 108