Мерейтойлық даталарға арналған кітап көрмелері циклі аясында Аққайың аудандық кітапханасында ұлы қазақ ағартушысы, ойшылы, ақыны және философы — Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Абай — дара, Абай — дана қазақта» атты көрме Абайдың сан қырлы тұлғасын, оның қазақ әдебиеті, мәдениеті және қоғамдық ой-пікірдің дамуына қосқан зор үлесін аша түседі. Көрмеге Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер қойылған.Көрменің ерекше бөлімі «Қара сөздерге» арналған. Бұл еңбектерде Абайдың адам, қоғам, білім және ұлт болашағы жайлы терең философиялық және адамгершілік ойлары көрініс тапқан.
Келушілер Абай Құнанбайұлының өмір жолы туралы баяндайтын өмірбаяндық очерктермен, құжаттармен таныса алады. Сонымен қатар, оның қазақ ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы маңызы да айқын көрсетілген.
Кітап көрмесі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге, әдеби мұраны насихаттауға және қазақ классикасына деген қызығушылықты оятуға бағытталған.