KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Балалар кітапханасы алтыншы сынып оқушыларымен кездеседі

Бүгін Смирнов балалар кітапханасында көңілді де қызықты күн болды — бізге №3 Смирнов мектебінің 6-сынып оқушылары қонаққа келді!

Балалар кітапханамен тез тіл табысып кетті: «Кітап менің досым» атты стендтен кітапхана ережелерімен танысып, «Қазақ тілінде оқимыз», «Кітап әлемін ашамыз», «Жаңа кітаптар керуені» атты кітап көрмелерін тамашалап, оқырманын күтіп тұрған кітаптар жайлы білді.

Экскурсияның ең қызықты бөлігі — тірі бұрышқа саяхат болды: Космос атты тасбақа мен түрлі-түсті аквариум балықтары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды!

Одан кейін оқушылар қазақ халық ертегілеріне арналған (Алдар Көсе, Алпамыс батыр, Қожa) көңілді викториналарға қатысып, тәтті сыйлықтар ұтып алды, сондай-ақ шахмат пен үстелдік ойындар ойнады.

Саяхат соңында кейбір балалар кітапханаға жазылып, үйге кітап алып кетті! Ал қоштасарда жылы лебіздерін білдіріп, қайта келуге уәде беріп, естелікке ортақ суретке түсті.

 

 

 

17.10.2025
Қараулар: 39