Смирнов балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Қазақстан рәміздері – тарих белестері" атты ақпараттық сағат өтті. Бұл күн – ел бірлігі, Отанға деген мақтаныш пен тарихи-мәдени мұрамызға құрмет туралы еске салатын маңызды дата.
Жас оқырмандар үшін «Қазақстан: бірліктің рәміздері. Казахстан: символика единства» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің туы, елтаңбасы мен гимні туралы, олардың пайда болу тарихы мен әрбір азаматтың өміріндегі маңызы жайлы әдебиеттер қойылды.
Балалар мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, әнұран жолдарын еске түсіріп, тудың түсі мен елтаңбаның бейнесінің мәні жайлы ой бөлісті. Бұл олардың мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметі мен жақсы білімдерін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, отаншылдықты, елге деген сүйіспеншілікті және болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады.