Өлкетану жұмысы аясында Смирновская балалар кітапханасында «Ауданымыздың батырлары» атты тарихи-танымдық естелік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты — балалардың туған өлкенің тарихы туралы білімін кеңейту, өзінің еңбегімен, батылдығымен және жанқиярлығымен Аққайың ауданының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалармен таныстыру. Іс-шараға Смирновская мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Т. Ф. Черезданова қатысты.
Кітапханашы оқушыларға «Ауданымыздың батырлары» атты кітап көрмесін таныстырды. Көрмеге аудан тарихы мен оның белгілі тұлғалары туралы кітаптар, альбомдар, фотосуреттер, энциклопедиялар және басқа да өлкетану материалдары қойылды.
Кездесу барысында ауданымыздың құрылуы мен қалыптасу тарихы, оның дамуына өз еңбектерімен үлес қосқан азаматтар туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар Кеңес Одағының Батыры А. М. Хименко, Социалистік Еңбек Ерлері У. М. Ахмедсафин, П. Я. Филиппенко, Р. К. Бекузаров және Г. И. Зенченко туралы мәліметтермен танысты.
Балалар бұл азаматтарды қандай қасиеттер біріктіретінін, нағыз батыр болу үшін қандай адамгершілік қасиеттер қажет екенін және әр адам өзінен кейін қандай із қалдыратыны туралы ой бөлісті.
Кездесудің ерекше қонағы — Аққайың ауданының Құрметті азаматы Татьяна Петровна Борисова болды. Бұл — аудан тарихын өз көзімен көрген, сол кезеңнің адамдарын жақсы білетін жанның естеліктерін тыңдауға берілген тамаша мүмкіндік.
Татьяна Петровна өзінің өмір жолы, тағдырында кездескен адамдар және туған өлкенің белгілі азаматтары туралы естеліктерімен бөлісті. Осындай кездесулер арқылы тарихты кітаптан оқып қана қоймай, оны көзімен көріп, жүрегімен сезінген адамдардың әңгімесі арқылы тануға болады.
Кездесу соңында Татьяна Петровна оқушыларға жақсы оқып, білімге ұмтылуға, туған жерін құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға және елге пайдасы тиетін, артынан жақсы із қалдыратын азамат болуға тілегін білдірді.
Аудан тарихы — бұл тек даталар мен оқиғалар емес. Бұл — туған жердің тағдырын жасаған адамдардың өмірі, еңбегі мен өнегесі.