Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Смирнов балалар кітапханасында «КВН – Көңілді және Начитанный клубы» мүшелері үшін «ЗАҢдар еліндегі саяхат» атты құқықтық ақпарат сағаты өткізілді.
Балалар Конституция негіздерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білді, талқылауға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара жас оқырмандарға заңның тек қатаң ережелер ғана емес, әрбір адамның сенімді қорғаны екенін түсінуге көмектесті.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.