KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Кітапханашы күні – шабыт пен шығармашылық мерекесі!

24 қазанда Аққайың аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Кітапханашы күніне арналған «ШАБЫТ АЛАҢЫ» атты облыстық мерекелік шараға қатысты.

Бұл мереке өңірдің барлық ауданынан келген кітапхана ісі мамандарын біріктіріп, тәжірибе, идея және шабыт алмасуға мүмкіндік берген үлкен алаңға айналды. 

Салтанатты бөлімде өз ісіне адалдығымен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленген үздік мамандар марапатталды. 

«Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталғандар: 

Қалимбетова Күлшира Нұрмағанбетқызы – Орталық аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі 

Мұхамедиева Вера Ивановна – Иванов ауылдық кітапханасының кітапханашысы 

Сақтағанова Гүлшама Галелқызы – Қиялы ауылдық кітапханасының кітапханашысы 

«Аманат» партиясының төсбелгісімен марапатталған: 

Шәріпова Маряш Ұмырзаққызы – Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен Литвинова Лариса Алексеевна – Балалар аудандық кітапханасының меңгерушісі марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) Құрмет грамотасымен Шәріпова Маряш Ұмырзаққызы – Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) алғыс хатымен Үмбетова Зауре Қапарқызы – Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының (Астана қ.) алғыс хатымен Есентаева Маххаббат Қорғанбекқызы – Аралагаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы марапатталды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хатымен Риде Ирина Петровна – Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы марапатталды. 

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорынан алғыс хатпен Шәріпова Маряш Ұмырзаққызы – Аққайың аудандық ОКЖ директоры марапатталды. 

Мерекенің шығармашылық бөлімінде біздің ұжым «Кітапханашының аспаздық кітабы» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Диканька маңындағы хутордағы кештер» атты әдеби — аспаздық тарауды ұсынды.

Н. В. Гогольдің повесі негізінде әзірленген жарқын көрініс баян, көңілді әндер және дәстүрлі тағамдармен сүйемелденді.

Ескі украин кешінің атмосферасын сол дәуірге сай ыдыс — аяқ пен безендіру элементтері толықтырды. 

Ерекше қызығушылық тудырған «Сюжетті вареники» – дәмді әрі символдық мәнге ие тағам болды. Әр вареник – өз хикаясы бар шағын кітап секілді: біреуіне тәтті вишнялы оқиға, екіншісіне нәзік ірімшікті тарау, үшіншісіне тойымды картопты сюжет бұйырды.

Осылайша қарапайым дастарқан ойынды еске салды – әркім өз «әңгімесін» дәмімен сезінді. 

Қатысушылар Гоголь әлемін тірілткендей әсер қалдырды: сахна мен зал кітап беттеріне айналып, кейіпкерлер халықтық киімде, көңілді жүзбен көрінді. 

«Кітапханашының аспаздық кітабы» жобасында шығармашылық көзқарасы мен ерекше идеясы үшін Орталық аудандық кітапхана «Ең әдеби тағам» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, кубок және естелік сыйлықпен марапатталды. Барлық қатысушылар белсенділігі үшін дипломдарға ие болды. 

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, жылы атмосфера мен шығармашылық қарым-қатынасы үшін

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Әбілмажинова Бейбіткүл Мәжановнаға және ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз. 

Біз тағы да көз жеткіздік: кітапханашылар – ең шығармашыл адамдар!


06.11.2025
Қараулар: 21