Смирнов балалар кітапханасында «Көп халық – бір достық» атты төзімділік пен достыққа арналған жылы да жарқын, мейірімге толы күн өтті.
«Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» атты Достық плакатында балалар өз достарына деген сезімдерін жазды: құрмет, қолдау, сенім және бірге өткізген қуанышты сәттер. Әрбір сөз үлкен Достық жүрегінің бөлшегіне айналды.
Қонақтар үшін «Халық көп – достық бір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда түрлі елдердің жазушыларының ертегілері мен әңгімелері қойылды. Кітапханашы балаларды осы даналыққа, ізгілік пен мейірімге толы туындылармен таныстырды, өйткені бұл шығармалардың бәрін біріктіретін бір ақиқат бар: достықтың шекарасы жоқ.
Әр адамның жанында тілге, мәдениетке немесе дәстүрге қарамастан, өмір жолында бірге жүретін сенімді досы болсын.