Бүгін Смирново ауылдық балалар кітапханасы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұл мереке бізге бірлігіміздің негізі – республикада тұратын барлық ұлттардың мәдениетіне деген құрмет екенін еске салады.
Осы күні кітапхана қызметкерлері қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлына, сондай-ақ тіл үйрену арқылы адам жан дүниесін байытуға шақырған дана Абайдың шығармашылығына ерекше көңіл бөлді. Смирново ауылының паркінде тіл туралы мақал-мәтелдерді білуге арналған викторина ұйымдастырылып, жас оқырмандар түрлі халықтардың жазушыларының өз тілдеріндегі шығармаларымен қызықты танысты.
Мереке жарқын, танымды әрі жылы өтті, өйткені әр халықтың тілі – оның жаны, байлығы мен күші.