KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Домбыра – ұлт қазынасы

Аққайың аудандық кітапханасында «Домбыра – ұлт қазынасы» жобасы аясында және Астана күніне орай Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың халықтық өнерін насихаттау, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және халықтың музыкалық мұрасына деген қызығушылықты ояту.

Іс-шараның қонақтары – белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, кітапхана оқырмандары және шақырылған музыканттар болды. Домбырашылардың орындауында күйлер шырқалды. Қатысушылар домбыраның қазақ халқының өміріндегі маңызы, сондай-ақ Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей сынды ұлы күйші композиторлар туралы мағлұмат алды. Кездесу барысында қатысушылар бір мезгілде домбыра мен баянның сүйемелдеуімен әндер орындап, өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шара аясында екі маңызды датаға арналған «Домбыра – ұлттық рухтың белгісі» және «Елдің жүрегі – Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме келушілерді қазақтың музыкалық мәдениеті, танымал күйшілер, сондай-ақ домбыраның ұлттық мақтаныш ретіндегі орны мен тарихымен таныстырды.

Көрмеде күйлер өнері, Астана қаласының тарихы, оның мәдени дамуы мен ел өміріндегі маңызы туралы кітаптар қойылды. Әсіресе, дәстүрлі қазақ музыкасы туралы материалдарға, күйлердің ноталық жинақтарына, композиторлар мен орындаушылардың өмірбаяндарына ерекше көңіл бөлінді.

Көрмеге шолу жүргізіліп, кітапхана қызметкері әр бөлімге жеке тоқталып, түсініктеме берді. Іс-шараның атмосферасын домбыраның әуезді үні мен Қазақстан астанасы — Астана туралы дайындалған презентация толықтырды.

03.07.2025
Қараулар: 33