KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Оқитын отбасы» фотобайқауы

Халықаралық отбасы күні қарсаңында Смирнов балалар кітапханасында «Оқитын отбасы» байқауы өтті. Ең білімді әрі тату отбасы атағы үшін біздің кітапханалық «Балапан», «КВН — көңілділер мен тапқырлар клубы» және «Родник» клубтарының мүшелері бақ сынасты. 

Отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және кітапхананы бос уақытты тиімді өткізу орталығы ретінде насихаттау байқаудың басты міндеттері болды. Байқаудың міндетті шарты — бүкіл отбасының қатысуы: біз командалар сапынан тек балаларды ғана емес, белсенді аналар мен әкелерді, аталар мен әжелерді де көргенімізге қуанышты болдық. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  1. орын — Иванова Алина, Смирнов №1 орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы.
  2. орын — Акималиева Аделя, Смирнов мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып оқушысы.
  3. орынды бірден үш белсенді қатысушы бөлісті: Аушакимов Расул (СМГ 5 «А»), Кусаинова Самира (СМГ 5 «Б») және Фомина Ясмина (СМГ 5 «Б»). 

Барлық балалар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Балаларға қолдау көрсетіп, кітапқа адал болғандары үшін барлық ата-аналарға, аталар мен әжелерге алғысымыз шексіз!


14.05.2026
Қараулар: 89