Смирново балалар кітапханасында оқу залының жас қонақтары үшін америкалық белгілі жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл толуына арналған «Табиғат күшін бағындырған адам» атты интерактивті кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Балалар шығармалары рух күшін, батылдықты және өзіне деген сенімді дәріптейтін автордың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Әсіресе адамның арман мен танымалдыққа жету жолындағы күрделі тағдыры бейнеленген «Мартин Иден» атты автобиографиялық романына ерекше назар аударылды.
Көрмеде орналастырылған QR-кодтардың көмегімен келушілер Джек Лондонның өмірбаяны, өмірінен қызықты деректер және ең танымал шығармалары туралы толығырақ мәлімет ала алады.
«Табиғат күшін бағындырған адам» интерактивті көрмесі өз оқырмандарын күтуде және кітапхананың жас қонақтарын Джек Лондон шығармашылығы әлемімен таныстыруды жалғастыруда.