Смирнов балалар кітапханасында Ғарышкерлер күні қарсаңында «Жұлдыздарға жол арманнан басталады» атты тарихи-танымдық әңгіме өтті. Іс-шараның қонақтары Ленин орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары болды. Біз қазақстандық ғарыштың қалыптасу тарихына бойлап, тағдыры батылдық пен өз ісіне адалдықтың үлгісі болған ұлттық батырларымыздың есімдерін еске алдық.
Биылғы жылдың айтулы мерейтой иелері — тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 95 жылдығы мен Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына ерекше назар аударылды. Оқушылар батырлардың жүріп өткен жолы туралы қызығушылықпен тыңдап, үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің қазіргі ғылымға қосқан үлесін талқылады. Мектеп оқушылары ғарышқа ұшу — бұл үлкен еңбектің, темірдей тәртіптің және ең алдымен, бала кезден басталған асқақ арманның жемісі екенін түсінді.
Алған білімдерін бекітуге «Ғарыш және біз» атты зияткерлік викторинасы көмектесті. Жас оқырмандар астрономия және ғаламды игеру тарихы саласындағы білімдерін көрсетіп, сұрақтарға белсене жауап берді. Бұл кездесу әрқайсымызға өз күшімізге сеніп, білімге ұмтылсақ, жұлдыздардың жақындай түсетінін тағы бір мәрте еске салды.
