KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Абай — халық жүрегінде» кітап көрмесі

10 тамыз — ұлы қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы әрі жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай біздің кітапхана таза ауада «Абай — халық жүрегінде» атты әдеби кітап көрмесін ұйымдастырды. 

Көрмеде Абайдың өлеңдер жинағы, «Қара сөздері», сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулер ұсынылды. Оқырмандар ұлы ойшылдың мұрасымен танысып, оның даналық сөздері мен сүйікті туындыларын еске түсірді. 

Абай өз шығармаларында адамды білімге, еңбекке, қайырымдылыққа және рухани дамуға шақырды. Оның асыл мұрасы — ұрпақтан — ұрпаққа өтетін сарқылмас рухани қазына. Абай — ұлы даланың үні, халықтың даналығы!

10.08.2026
Қараулар: 83