Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)
Балаларды қорғау күніне орай Смирнов балалар кітапханасы «Кітаптар, күн шуағы және күлкілер» атты жарқын әрі қызықты кітап калейдоскопын өткізді.
Жас оқырмандарды «Бірінші болып – оқы! Будь первым – читай!» атты көркем кітап көрмесі қарсы алды. Балалар журналдар оқып, сканвордтар шешті, жаз мезгілінің суретін салып, шахмат ойнады және Өнер мектебінің мамандарымен бірге бисерден әсем бұйымдар тоқып үйренді.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл күй, шығармашылық қуаныш пен жарқын әсерлер сыйлады. Ал кітаптар бұл күнді одан әрі қызықты әрі мазмұнды етті!