KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Наурыз келгенде!

14.03.2026 г

Көктем — табиғаттың жаңарып, айналаға жылылық пен шаттық сыйлайтын ерекше мезгіл. Бұл — адамдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, жылы жүздесіп, қуанышпен қауышатын уақыт.

Осыған орай аудандық кітапханада Көрісу күніне арналған «Наурыз келгенде!» атты тағылымды әрі әсерлі іс-шара өтті. Дәстүр бойынша 14 наурызда атап өтілетін бұл мереке — Наурыз мейрамының бастауын білдіретін, адамдарды жақындастырып, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше күн.

Мерекелік кездесуге кітапхана оқырмандары мен қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар бір-бірін ежелгі дәстүрге сай «Бір жасыңызбен!» деп құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, жылы құшақтасып, шынайы қуанышпен қауышты. Залда әсем ұлттық әуендер шырқалып, мерекелік көңіл күйді одан әрі көркейте түсті.

Іс-шара барысында кітапханашы Наурыз мейрамының шығу тарихы мен мән — маңызы туралы мазмұнды әңгіме айтып, көктемнің келуімен байланысты қазақ халқының бай дәстүрлері мен әдет — ғұрыптарын таныстырды. Қонақтар халқымыздың рухани мұрасы туралы тың мағлұмат алып, ұлттық құндылықтар жайлы ой бөлісті.

Мерекелік кездесу одан әрі дастарқан басындағы жылы әңгімемен жалғасты. Хош иісті шай үстінде қатысушылар тақырыптық викторина сұрақтарына қызыға жауап беріп, халықтық салт — дәстүрлерді еске алып, өз білімдерімен бөлісті.

Бұл тағылымды кездесу барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен сыйластықтың, ұлттық дәстүрлерді құрметтеудің маңызын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

13.03.2026
Қараулар: 13