KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

С Муқанов атындағы "Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана" КММ " Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Әр жолда-жад! Әр есімде-батыр!" Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған әдеби-көркем байқау өткізді.

Бұл байқаудың тапсырмалары:

-Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес сарбаздардың ерлігі мен қазақстандық жауынгерлердің көрсеткен батылдығы туралы естеліктерді сақтау және мәңгілікке қалдыру;

- өскелең ұрпақтың бойында Бауыржан Момышұлы мен Александр Бек шығармаларының призмасы арқылы Қазақстанның жауынгер-батырларының ерліктері үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

- дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

* Әдеби шығармашылық;

* Бейнелеу өнері. 

Конкурсқа 7 жастан 18 жасқа дейінгі тұрғылықты жеріне қарамастан балалар мен жастар шақырылды.

"Әдеби шығармашылық" номинациясы бойынша - "Қазақстандықтар-Ұлы Отан соғысының батырлары" тақырыбындағы эссе 1 орынды Христосова Екатерина Максимовна иеленді, жетекшісі Пак Валентина Викторовна-Полтавка ауылдық кітапханасы. 

"Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 1 орын-Куница Илья, 12 жаста, Ленин ауылдық кітапханасы, жетекшісі Клейн Кристина Рудольфовна.

29.05.2025
Қараулар: 40