Балалар кітабы апталығы аясында Смирнов балалар кітапханасында белгілі балалар жазушысы Агния Бартоның 120 жылдығына арналған «Агния Бартоның сиқырлы әлемі» атты әдеби викторина өтті. Жас оқырмандар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, көпшілікке таныс, мейірімге толы өлеңдерін еске түсірді.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты болды:
- «Жалғастыр» викторинасы балалардың белгілі өлең жолдарын қаншалықты білетінін тексеруге мүмкіндік берді; «Өмірінен деректер» тапсырмасы жазушының өміріндегі қызықты жайттармен таныстырды;
- «Кейіпкерлерді бейнелейміз» атты шығармашылық тапсырма ерекше әсер қалдырды - қатысушылар көздері байлаулы күйде кейіпкерлерді суреттеді. Балалар әр тапсырмаға белсенді қатысып, білімдерін, қиялын және тапқырлықтарын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оларды балалар әдебиетінің үздік үлгілерімен таныстырады.