KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Жүрегі отты патриот ақын» әдеби ревюі

Смирново ауылдық балалар кітапханасында қазақ халқының ұлы перзенті, Отанды ерекше сүйіспеншілікпен жырлаған ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына арналған кітап көрмесі ашылды.

Кітапхана қызметкерлері «Жүрегі отты патриот ақын» атты әдеби шолу өткізіп, балаларға ақынның өлең жолдарын оқып берді, өмірі мен шығармашылығынан жаңа деректермен таныстырды. Жұбан Молдағалиевтің поэзиясы бүгін де жүректерді тербеп, елін сүйе білуге, адалдық пен ерлікке үйретеді.

Барша оқырмандарды көрмеге келіп, ұлы ақынның даналығы мен шабытын бірге сезінуге шақырамыз!

 

12.09.2025
Қараулар: 41