Ильяс Есенберлин – қазақ жазушысы, қазақ халқының әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосқан, заманына сай мазмұндағы көптеген романдардың авторы, кеңестік кезеңде ұлттық тарих туралы көрнекті шығармалар жазған алғашқы қазақ жазушыларының бірі. Оның «Алтын Орда», «Көшпенділер» шығармалары дала өркениеті мен қазақ мемлекеттілігінің толық көрінісін жеткізеді.
Қазақ халқының мақтанышы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Аққайың аудандық кітапханасы мектеп оқушыларымен бірге «Халық мойындаған жазушы» әдеби вернисажын өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетіне қызығушылықты қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар қазақ және орыс тілдерінде жазған көрнекті сөз шеберінің өмірбаяны және шығармашылық мұрасымен танысты.
Іс-шараға «Көшпелі жұлдыздың нұры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды.