Кітапханашы күніне арналған кәсіби мереке қарсаңында Смирново ауылдық балалар кітапханасы Габит Мүсірепов атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған өңірлік семинарға қатысты. Бұл кездесулер кітаппен және балалармен жұмыс істейтін әр маман үшін көптен бері ерекше оқиғаға айналды. Әр семинар тек білім ғана емес, бірлік, жылылық және шығармашылық рух сыйлайды.
Семинар заманауи Креатив-орталықта өтті — мұнда жаңашылдықтың лебі мен алға жылжу сезіледі. Алғашқы минуттардан-ақ атмосфера мейірімді әрі шабыттандыратын болды. Габит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Бердағұлова Қонаршын Қанатқызы қатысушыларды шынайы жылы лебізбен қарсы алып, күннің жалпы көңіл-күйін қалыптастырды.
Кездесудің басты тақырыбы — цифрлық қоғамдағы кітапхананың рөлі және Ел Президентінің Жолдауына сәйкес бізге ашылып отырған жаңа мүмкіндіктер. Кітапхана мамандары медиа кеңістікті игеру, оқу материалдарын дайындау және жас оқырмандарды жаңа форматтар арқылы шабыттандыру ісінде жасанды интеллекттің көмегі туралы пікір алмасты.
Әсіресе әріптестер мен шақырылған сарапшылардың баяндамалары ерекше әсер қалдырды:
— №5 орта мектеп директоры Смаилова Күлүмкөз Қайырбекқызы баланың тұлға болып қалыптасуында әдебиет пен рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызын атап өтті;
— «1 Северный» телеарнасының бас редакторы Алина Нургуль медиаконтент жасаудың пайдалы әрі шабыттандыратын кеңестерімен бөлісті;
— СҚО HUB өңірлік менеджері Зульфия Тухватуллина жасанды интеллектті кітапхана саласында қолданудың практикалық жолдарын түсіндірді.
Семинар барысында Такен Әлімқұловтың шығармашылығымен танысу да маңызды тақырып болды. Оның туындылары — терең сезім, Отан мен адам туралы ой-толғам. Жазушының кітаптары бойынша жасалған REDX жобасы зор әсер қалдырып, әдебиеттің рухани тәрбие берудегі қуатты құрал екенін тағы бір дәлелдеді. Семинардың қорытынды бөлігі Мәжнән орталығында өтті — бұл Магжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа мәдени кеңістік. Мұнда болу ерекше толқу сезімін тудырды: орталықтың атмосферасы жүректі мақтаныш пен әдебиетімізге деген алғыс сезімімен толтырды.
Үйге қайтып келе жатып ойға түскені: кітапханашы болу — уақытпен бірге ілгерілеу, бірақ кітаптың рухын сақтау. Осындай кездесулер жаңа күш, шабыт береді, алға ұмтылдырады және кітапхананы болашақ өмір сүретін орынға айналдыруға мүмкіндік береді.