Орталық аудандық кітапханада «Отбасы – тұрақты қоғамның негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ауылдың түрлі қызмет өкілдері мен отбасылары қатысты. Құрметті қонақтар қатарында «АМАНАТ» партиясы Аққайың аудандық филиалының төрағасы Мұқанов С.У., Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД Аққайың аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Ахметжанова Р.К., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалиулина Г.Е., сондай-ақ Отбасы қолдау орталығының заңгері Мейрман А.А. болды.
Кітапханашының кіріспе сөзінен кейін қатысушылар қоғамды нығайтудағы отбасының маңызды рөлі жөнінде ой бөлісті. Құрметті қонақтар отбасылық құндылықтардың маңызы мен отбасылық қатынастарды құқықтық қолдау туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Жүргізуші өз кезегінде тамырды ұмытпай, жақындарды аялау мен сүю қажеттігі туралы тағылымды ертегі айтты.
Кездесу барысында қонақтарға отбасы құндылықтарына арналған бейнеролик көрсетілді. Ол бейнеролик сүйіспеншілік, өзара түсіністік, дәстүрді сақтау, бірлескен демалыс пен отбасы арасындағы жылы қарым — қатынастың маңыздылығын еске салды. Бұл көрсетілім одан әрі пікір алмасуға және жеке тәжірибемен бөлісуге жақсы себеп болды.
Шара қонақтары отбасындағы татулықты сақтау жолдары жөнінде белсенді пікірлесіп, өздерінің отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Барлығы үшін «Отбасы туралы мақал — мәтелдер» атты шағын викторина ұйымдастырылып, ол қызықты да тартымды өтті.
Кездесу соңында шара қорытындыланып, қатысушылар кітап — иллюстрациялық көрмемен танысты. Отбасы қолдау орталығының өкілі отбасыларға сыйлықтар табыстап, отбасы құндылықтарын сақтау мен іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.