Смирнов балалар кітапханасы – бұл қуанышқа толы қарым-қатынас, шабыт пен білімге деген ұмтылыс мекені!
Күн сайын кітапханамызға балалар келеді – кітап оқуға, ойнауға, сөйлесуге және уақыттарын пайдалы өткізуге. Бірі шахматқа қызығады, бірі конструктор құрастырады, ал енді бірі түрлі-түсті энциклопедиялар арқылы табиғат әлемін зерттейді. Біз әрбір қонаққа – кішкентай балаға да, жасөспірімге де қуаныштымыз. Өйткені бүгінде кітапхана – бұл тек кітап қана емес, бұл – дамуға, ойынға, ашық қарым-қатынас пен жаңалықтарға арналған кеңістік.
Шын көңілімен қызығушылық танытатын, белсенді және күлімдеген кішкентай оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз! Қалған балаларды да қонаққа шақырамыз – бізде әрқашан жылы, жарық әрі қызықты!