Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл
Аптаның жұмыс күндері оқушылардың кітапханаға келуге оқу мен сабақтан тыс жұмыстарға байланысты бос уақыты болмайды. Ауылдың үш мектебінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 73%-ы кітапханаға сенбі күні келгісі келетінін білдірді.
Қызмет көрсету сапасын арттыру және оқуға қызығушылықты дамыту мақсатында біз өзіміздің жас оқырмандарымызды қолдап, қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз. Енді оқу кезеңінде кітапханамыз сенбі күні де жұмыс істейді!
Жұмыс уақыты: 10:00-ден 14:00-ге дейін
Жаңа кітаптар, қызықты оқиғалар мен жылы жүздесулер күтіп тұр! Отбасыңызбен бірге келіңіздер – бізде әрқашан жайлы да қызықты!
