Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл
Смирнов балалар кітапханасы жас оқырмандарды «Мамандыққа бастар сәтті қадамдар» атты кітап көрмесімен қарсы алады.
Мамандық таңдау – ересек өмірге бастар маңызды қадамдардың бірі: оқушылар мектеп жасынан-ақ болашақ кәсібі туралы ойлана бастайды. Көрме барысында балалар кәсіби еңбек әлемі туралы білімдерін толықтырады, заманауи және болашағы бар мамандықтармен танысады, өз отбасыларындағы мамандықтар мен еңбек әулеттері жайлы әңгімелейді, болашақта кім болғысы келетіндерімен бөліседі.
Оқушылар мынадай қорытындыға келеді: әлемде түрлі мамандықтар өте көп – әрқайсысы қажет әрі маңызды, бірақ ең бастысы – жүрекке жақын мамандықты таңдау.