KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Көрме — ұсыныс «Барлығы құқық туралы білуге құқылы»

Смирновка балалар кітапханасы полицияның аға қызметкері Р.А. Серғазинамен бірлесіп "барлығы құқылы, құқық туралы білуге құқылы" көрме — ұсынысын өткізді. 

Дәрісті өткізудегі мақсат — бір — біріне деген құрметті тәрбиелеу, балаларды құқықтар мен міндеттердің негіздерімен таныстыру, құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, құқықтық мәселелерді талқылау арқылы сыни ойлауды дамытуға ықпал ету. 

Іс-шара барысында оқушылар қоғамдық орындарда жүріс — тұрыс ережелерін сақтау жөніндегі өз міндеттері туралы, сондай-ақ 14 жастан бастап өздерінің қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы білді. Қоғам алдындағы міндет — басқалардың құқықтары мен мәдени ерекшеліктерін құрметтеу, сондай-ақ адал оқу. Құқықтар мен міндеттер туралы алынған білім балаларға ашық диалогта әртүрлі қызықты жағдайларды талдауға көмектесті.

14.07.2025
Қараулар: 24