Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл
23 сәуір — Қазақстандағы Ұлттық кітап күні. Осы күнге орай Смирнов балалар кітапханасында «Сүйікті ертегілер беттерімен» атты көрме — саяхат ұйымдастырылды. Көрмеде әр халықтың ертегілері ұсынылып, балалар «Ертегілер әлеміне саяхат» викторинасына қатысты.
Кітапханашы балаларға мереке тарихы туралы айтып, ертегілер бойынша тапқырлық пен логикаға арналған сұрақтар қойды. Мысалы, «Колобок — бұл нан ба, әлде ертегі кейіпкері ме?» немесе «Баба Яга мейірімді ме, әлде зұлым ба?» деген сияқты сұрақтарды талқылады.
Балалар өз ойларын ашық айтып, әр кейіпкерге өздерінше баға берді. Кітапханадағы бұл күн мазмұнды әрі қызықты өтті.
