Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру, сонымен қатар құқықтық сананы дамыту мақсатында 1 қыркүйек аудандық орталық кітапханада "Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік зұлымдық" атты ақпарат күні өткізілді.
Күні бойы кітапхана қонақтарын "Парасат жолы" орталығының жұмысымен таныстырды. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" қолданыстағы заңның негізгі сәттеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының қағидаттарына, осы органның алдына қойған міндеттеріне басты назар аударылды.
Қатысушылар орталықтың жұмысымен және миссиясымен танысты, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпарат алды.