KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Мамандарды аттестаттау

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысының м.а. 25 қазандағы № 30 бұйрығына сәйкес, Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары 2021 жылғы 12 қарашада аттестациядан сәтті өтіп, әрқайсысы біліктілік санатын алды.

Аттестаттау 2 кезеңде өткізілді-тестілеу және әңгімелесу.

Аттестаттау комиссиясына облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы А.С. Сеитов, СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бас маманы Г. Ж. Баекина, С. Мұқанов атындағы ОӘҒК әдіскері Л.К. Жалаушинова, Аққайың ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшылары - С. Е. Жамалиева және Ж. К. Жүсіпов, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы - Қ. А.Бабаков қатысты.

 

19.11.2021
Қараулар: 123