KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: қиындықтар мен табыстар

Сыбайлас жемқорлық мәселесі-әлемдік деңгейдегі проблема. Ол қоғамның барлық салаларына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға үлкен әсер етеді және мемлекетімізге нақты қауіп төндіреді. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

4 тамызда аудандық кітапхана жанындағы "Парасат жолы" орталығында аудан тұрғындарымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: қиындықтар мен табыстар" атты ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шараның басында ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихынан және оның барлық ғасырларда болғандығы туралы өз сөзін бастады. Сондай-ақ, КСРО кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілер және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік жоқ екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мысалдарын келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көрінісіне қарсы күресте қоғамдық ұйымдардың рөлін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, олардың ішінде: біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша не істелуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай шаралар қолданылады, қандай жағдайларда пара беруші қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

04.08.2023
Қараулар: 22