Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Аққайың аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» орталығының ашылуы өтті.
Мұндай орталықтар бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы шеңберінде құрылды. Негізгі міндет-парасаттылық пен адалдық идеологиясын ілгерілету мақсатында кітапхана мен азаматтық қоғамның педагогикалық және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, аудан жұртшылығымен ынтымақтастығы.
«Парасат жолы» орталықтары ұлттық мәдениет пен этнопедагогиканы насихаттау арқылы қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.