Аққайың ауданының аудандық кітапханасында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері қатысты.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің инспекторы Светлана Николаевна Зайцева залдағы қатысушыларды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Азаматтық кодексте, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодексінде. Өз сөзінде Светлана Николаевна сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мысалдарын келтірді, қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарымен күрестегі рөлін атап өтті және сыбайлас жемқорлықты жою бойынша негізгі шараларды атап өтті.