KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Мағжан жыры мәңгілік» поэтикалық кеш

22 маусым күні С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада "Qyzyljar art center "- де қазақ мәдениетінің інжу-маржандарының бірі, қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына арналған "Мағжан жыры мәңгілік " атты поэзиялық кеш өтті.

Бұл кешке Солтүстік Қазақстан ақындары мен жазушылары, ақындар, " «Я – поэт» және "Мағжанның маржан жырлары" поэзиялық байқауларының қатысушылары, мектеп оқушылары, СҚУ және Е. Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттері, жастар "Әдеби клубының" қатысушылары, кітапхана қызметкерлері, сонымен қатар кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. Мерекеге алыс Бакуден келген конағы Баку педагогикалық университетінің оқытушысы Дадашева Рейханның келгені жағымды сәт болды.

Мағжанның өлеңдері Қазақстанда сүйіп тыңдайыды, сондықтан мереке бойы оның өлеңдері мен Мағжанға арналған өлеңдері әр түрлі тілдерде айтылды!

Ду қол шапалақ қошеметпен Аққайың аудандық кітапханасы жарқын бағдарламамен өнер көрсетті, оған ересектер де, балалар да – №3 Аралағаш және Смирново орта мектептерінің оқушылары қатысты.

Іс-шара соңында поэзиялық кештің барлық қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

22.06.2023
Қараулар: 44