KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау

Сыбайлас жемқорлық — жағымсыз құбылыс. Ол қоғамның іргетасына нұқсан келтіреді, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етеді, экономиканы, қоғамның адамгершілігін бұзады. 

Аудандық кітапхана сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау бойынша тұрақты іс-шаралар өткізеді. Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында танысу мақсатында баспа жазылымында — флайерлер, буклеттер, парақшалар таратылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрмелерге үнемі шолулар, осы тақырыптағы бейнероликтерді қарау жүргізіледі. Кітапханада жұмыс істеп тұрған екі көрме, баннер рәсімделді, Мемлекеттік ресми сайттарды пайдалану мүмкіндігімен Интернет желісіне тегін қолжетімділік бар.

 

 

17.05.2023
Қараулар: 67