KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Шығармашылық жобаларды дамыту

2025 жылғы 3 наурызда "QYZYLJAR CREATIVE CENTER" креативті индустрия орталығының өкілдері: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің креативті экономиканы дамыту жөніндегі кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты З.Х. Мамлютов, креативті орталықтың басшысы Н.Т. Булатова, креативті экономиканы дамыту және ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде орталық аудандық кітапханада Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйелер мен мәдениеттер мамандарымен семинар өткізді.

Семинарға Аққайың ауданы әкімінің әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары Н.Е. Байзақ, Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е. Х. Данебаев қатысты.

Семинардың бірінші бөлімінде қонақтармен кітапхана, тарихи-өлкетану мұражайы бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Ауыл кітапханаларының мамандары қолданбалы өнер көрмелерін ұсынды.

Бұл семинардың басты мақсаты – өңірдегі креативті жобаларды қолдау және дамыту перспективаларын талқылау, креативті орталықтың қолданыстағы бағдарламаларымен және инфрақұрылымымен танысу және бірлескен бастамаларды қалыптастыру болды.

Соңында барлық қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелерді талқылауға қатысты.

 

12.03.2025
Қараулар: 90