KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті

11 мамырда аудандық кітапхана жанындағы Коворкинг орталығында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті. Турнирге шахмат үйірмесінің мүшелері қатысты. Аққайың ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. С. Әбдүлманов мерекемен құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің ашылуымен шахмат алаңында барлық қатысушыларға спорттық жетістіктер тіледі.

Кітапханада шахмат үйірмесі көптеген жылдар бойы жұмыс істейді, оған зейнеткерлерден бастап кіші және жоғары сынып оқушыларына дейін әр түрлі жастағы адамдар келеді. Үстел ойындарын (тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат) ойнағысы келетіндер барған сайын көбейіп келеді. Үйірме мүшелерінің мерейтойлық күндеріне, мейрам күндеріне арналған турнирлер үнемі өткізіліп тұрады.

Бұл жолы шахматшылар өздерінің шахмат білімдері мен дағдыларын көрсетуге тырысты.

Табанды күрес нәтижесінде жеңімпаздар: 3 орын - Ыбырай Құсайынов, 2 орын-Раушан Ахметжанова, 1 орын-А Ахметов. Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Турнирге қатысқандардың барлығын құттықтаймыз, зор денсаулық және одан әрі табыс тілейміз!

11.05.2023
Қараулар: 56