KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Ұлы Жеңістің Мәңгілік нұры

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Смирново мектептерінің оқушылары және Смирново әлеуметтік қызмет көрсету орталығы үшін "Ұлы Жеңістің Мәңгілік нұры"еске алу сағаты өткізілді. Кітапхана мамандары жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жетудегі ұзақ жолы - майданда және тылда 1418 күндік азап көргендері, жаппай батырлық көрсеткендері туралы айтып берді.

Біздің жерлесіміз - Кеңес Одағының Батыры А.М. Хименконың ерлігі, оның есімімен Петропавл қаласындағы көше және Қиялы ауылындағы орта мектеп, Әлия Молдағұлова, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы және 28 панфиловшы батырлардың өлмес ерліктері үшін аталған. Әңгімені Ұлы Отан соғысы тарихына батырлықтың, табандылықтың, совет адамдарының туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігінің үлгісі ретінде енген батырлар – Рақымжан Қошқарбаев пен оның әріптесі Григорий Булатовтың ерлігі туралы әңгімемен аяқтадық.

Қонақтарға соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, тарихи-өлкетану мұражайында театрландырылған қойылым мен Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы әңгімелер көрсетілді.

Шара Белгісіз жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

05.05.2023
Қараулар: 58