KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Абай – халытың тірі жаны

08.08.2025 год.

Аққайың аудандық кітапханасы мәдениет үйімен бірлесіп, ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ауқымды мәдени — ағартушылық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – Абайдың бай әдеби және философиялық мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу болды.

Бағдарламаға әдеби — музыкалық композиция, Абай шығармаларынан сахналық көріністер, оның өлеңдері мен нақыл сөздерінен үзінділерді қазақ және орыс тілдерінде оқу енді. Мәдениет үйінің солистері ақынның сөздеріне жазылған халық әндері мен авторлық туындыларды орындады.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен, қазақ әдебиеті, философиясы және ағартушылықтың дамуына қосқан үлесімен танысты. Мереке барлық қатысушылардың бірге ән орындауымен аяқталды.

Бұл шара әр түрлі буын өкілдерін біріктіріп, Абай мұрасының бүгінгі қоғамда да өзекті әрі құнды екендігін көрсетті.


 

 

 

 

25.08.2025
Қараулар: 43