Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осы бағытта бірқатар маңызды міндеттер іске асырылды: Қазақстан ГРЕКО халықаралық ұйымына кірді, бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшыларды босату заңнамалық түрде енгізілді және т. б.
Осыған байланысты мемлекеттік кітапханалар базасында "Парасат жолы" орталықтары ұйымдастырылды, олардың жұмысы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға, сонымен қатар қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.
Бұл күндері аудандық кітапхана қызметкерлері жастар ресурстық орталығымен бірлесіп "Anti-корра қатарында" атты акциясын өткізді. Азаматтар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандарына "Парасат жолы" орталығының логотипі бар футболка мен қалпақ кию, буклеттерде орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпаратпен танысу және біздің қатарымызға кіре отырып, Қазақстан Республикасының адал азаматы болуға сөз беру ұсынылды.
Бұл акцияны өткізу азаматтарымыз арасында адалдық пен әділдікті насихаттауға бағытталған.