19 наурызда аудандық кітапхана қызметкерлеріне арналған «кітапханалар қызметінің өзекті аспектілері: 2020 жылдың қорытындылары және 2021 жылға арналған перспективалар» атты семинар өтті. ОКЖ директоры М. Ө. Шәріпова өз сөзінде өткен жылдың қорытындысын шығарды, алдағы жылға жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі және ақпараттық есептерге талдау жүргізді. 2020 жылы кітапханаларды әлеуметтік медиада ұсыну бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Қазіргі уақыттта әр кітапханада Instagram, Facebook, Одноклассники әлеуметтік желілерінде парақшалар құрылған. Кітапханалар өз жұмысында жаңа аудиторияны тарту үшін интернет-ресурстарды пайдалануы қажет.
Әдіскер К.Н. Қалімбетова қатысушыларды балалар мен жасөспірімдер аудиториясының оқу мәдениетін арттыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жөніндегі жалпыұлттық акциямен таныстырды. Кітапханашылар мен олардың оқырмандары қатыса алатын аудандық және облыстық конкурстардың ережелерімен таныстырды
Семинар соңында ОКЖ директоры М. Ө. Шәріпова іс-шараларға қатысу және өткізу үшін өз пайдаланушыларының тілектерін ескере отырып, оқушылар мен қоғамдық ұйымдарды тартуға тырысу керектігін баса айтты.