Қызметкерлерді аттестаттау қызметшілердің білімі мен біліктілігінің олар атқаратын лауазымға және/немесе олар үміткер біліктілік санатына біліктілік сипаттамаларына сәйкестік деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Мамандар әр үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді және әрқайсысы біліктілік санатын алады.
"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 25 қарашада Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 8 маманы аттестаттаудан сәтті өтіп, әрқайсысы өздері үміткер біліктілік санатын алды. Аттестаттау 2 кезеңде өткізілді - тестілеу және әңгімелесу.