KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Бізді біріктіретін рәміздер» азаматтық сағаты

Смирнов балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Бізді біріктіретін рәміздер» атты азаматтық сағаты өтті. 

Балалар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихымен танысып, олардың ел өміріндегі маңызы туралы білді. Білімдерін бекіту мақсатында қатысушылар «Рәмізді таны» викторинасы мен «Дұрыс – бұрыс» ойынына қатысты.

Іс-шара жас оқырмандардың Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейтіп, Отанға деген мақтаныш сезімін арттырды.

05.06.2026
Қараулар: 80