3 қарашада аудандық орталық кітапхана жанындағы "Адалдық алаңы" жобасы аясында жұмыс істейтін "Парасат жолы" орталығына облыстық "Солтүстік Қазақстан" газетінің өкілдері, мәдениет, ішкі саясат бөлімінің мамандары және мәдениет үйінің қызметкерлері келді. Олар үшін «Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сонымен қатар қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған "Парасат жолы" орталығын ашу мақсаты түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері мен нормаларын талқылай отырып, қатысушыларға брошюралар, буклеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар түрінде көрнекі құралдар таратылды.