26 ақпан күні аудандық орталық кітапханада айтулы оқиға «Парасат жолы» — «Дорога добропорядочности» орталығының «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылу салтанаты өтті. Басты мақсат: кітап пен оқуды ілгерілету арқылы-қоғамымыздың әртүрлі санаттары арасында адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Бұл қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-қимылының жаңа форматы, «Парасат жолы» орталығы әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алатын ашық алаңға айналады.
Ашылу салтанатына қатысқандар: «СҚО Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Аққайың ауданы әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ж.К. Жүсіпов, «СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысының м. а. А. К. Оразамбетова, «СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мамандары және мектеп оқушылары қатысты.
«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры М№Шәріпова өз сөзінде кітаптың адамның ішкі мәдениетін және оның әділеттілік, еңбексүйгіштік, жақынына деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға деген құрметке баулу сияқты моральдық қасиеттерін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Бұл жастармен кездесулер, түрлі топтардың отырыстары өтетін ең көп баратын орын. Біз әр түрлі жастағы және барлық оқу орындарының пайдаланушыларын біздің орталыққа шақырамыз.