KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Алғыс айтү күні

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған жарқын әрі мазмұнды іс-шара өтті. Бұл мереке – бейбітшілік пен бірліктің, өзара құрмет пен татулықтың нышаны. Айрықша күн еліміздегі халықтар арасындағы достықты нығайтудың, келісім мен сыйластықты сақтаудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түседі.

Мерекелік кездесу ауданның барлық мәдени орталықтарының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Әр орталық өз мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен таныстырды. Сахна төрінде ұлттық әндер әуелеп, бірлестіктердің қызметі жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, жүрекжарды алғыс сөздер мен ізгі тілектер білдірілді. Көздің жауын алатын ұлттық киімдер мен шынайы өнер көрсетулер достық пен өзара түсіністікке толы ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл күні ақжарма құттықтаулар жолданып, қатысушылар мен қонақтарға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке, отбасыларына ынтымақ пен татулық және ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасынің өркендеуі тілінді.

 

26.02.2026
Қараулар: 9