Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл
Аққайың аудандық кітапханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үстел ойындары кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – ойын арқылы қарым — қатынас пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыру, жақсы көңіл күй сыйлау. Кітапханашылар назар мен есте сақтау қабілетін дамытатын түрлі үстел ойындарын дайындады. Қатысушылар бір-бірін қолдап, жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде ойнады.
Бұл кездесу кітапхананың тек кітап оқу орны ғана емес, достық пен тең мүмкіндіктер кеңістігі екенін көрсетті.