KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Бұл жер — сенің де, менің де жерім

Орталық аудандық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бұл жер — сенің де, менің де жерім» атты іс-шара өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күні — еліміздегі маңызды мерекелердің бірі. Ол әртүрлі этнос өкілдері арасындағы бейбітшілік, келісім мен достықты бейнелейді. Бұл мереке өзара құрметтің маңыздылығын, мәдени дәстүрлерді сақтауды және қоғам бірлігін нығайтуды еске салады.

Этно-сағат барысында кітапханашы қатысушыларды мерекенің тарихымен таныстырып, Қазақстанның көпұлтты құрамы, елімізде тұратын халықтардың бай мәдениеті мен салт — дәстүрлері туралы әңгімеледі. Әсіресе төзімділік, өзара түсіністік және бір-біріне құрмет көрсету құндылықтарына ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шараның жалғасы ретінде «Бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысушылар Қазақстандағы түрлі халықтардың мәдениеті, әдет — ғұрпы мен тарихын танытатын басылымдармен танысты. Ұсынылған кітаптар қонақтардың қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бұл шара Қазақстанның баршаға ортақ үй екенін, ал бірлік пен келісім оның басты құндылықтары екенін тағы бір мәрте айқындады.

30.04.2026
Қараулар: 45